Емші дегендердің 90% шарлатандар – «Үкілі бала» атанған емші Ерболсын

Ел ішінде “Үкілі бала” атанған емші Ерболсын Серікбаев журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында емшілердің 90 пайызы шарлатан екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Менің жаным ашиды. Кезінде өзім де адам қабылдадым. Келген адамдарды қабылдайсың. Саған науқас адамның қандай хәлде келіп отырғаны қызық емес, саған беретін мүмкіндіктеріңе көзіңе түседі. Ол қазір көп емшілердің басты көзірі. Сен науқастың жазылып кетуіне емес, науқастан “қанша ақша ала алам?” деген ниетпен жасайсың. Бірақ ол санасыз деңгейде өтеді. Яғни, сен өзіңді сол кезде дұрыс жасап жатырмын” деп ойлайсың”, – дейді ол.
Ерболсын Серікбаев емші түпсанасында көмегі тимейтінін түсінетінін айтады.
“100 пайыз емшілердің 90 пайызы толықтай қасиетке ие емес адамдар. Шарлатанның ар жақ бер жағы. Мен тек салыстырмалы түрде айтып жатырмын. Өйткені кезінде өзім адамды қалай емдегенімді білемін. Мысалы онкологиялық ауруға шалдыққан адамға міндетті түрде ота, химиятерапия керектігін, одан кейін ол үй жағдайында емделуі керектігін түсінемін. Иммунитеті төмен адам кез келген ауруды жұқтырып алуы мүмкін. Соны түсініп тұрып, бір қағаз бетті жазуға ерінесің. Көптің бірі болып емделіп шығып жатады. Бірақ соның бәрінің түбі нәтижесі жоқ. Соның арқасында сенің қалтаң қалыңдап жатыр”, – дейді ол.
Серікбаев емшіні құртатын екі-ақ жол деп ақша мен арақты атады.