Жаңалықтар

«Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау қашан басталады

«Ұмай» бағдарламасының екінші кезеңі бойынша өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бағдарлама шарттары өзгермеді

Мәлім болғандай, осы кезеңге 20 млрд теңге көзделген. Бағдарлама шарттары өзгермеді. Бұл туралы «Отбасы банк» өкілдері хабарлады.

Несиенің ең жоғары сомасы – 50 млн теңге. Пайыздық мөлшерлеме – жылдық 14,8%. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 16,3%-дан 16,8%-ға дейін.

«Отбасы банк» осы уақытқа шейін бұл бағдарлама аясында 420 несие берді.

Өтінімді банктің сайтындағы бейнеқызмет арқылы, «Отбасы банкінің» кеңесшісі көмегімен немесе банк бөлімшесіне барып тапсыруға болады.

Өтінімді қалай беруге болады

«Ұмай» бағдарламасына қатысуға ниетті азаматтар құжаттарын үш жолдың бірі арқылы ұсына алады.

Біріншісі – «Отбасы банкінің» ресми сайтындағы «Бейнеқызмет көрсету» сервисін пайдалану. Мұнда оператор өтініш берушінің сұрақтарына жауап беріп, өтінімді онлайн қабылдайды. Қызметті пайдалану үшін электрондық құжат қажет.

Екінші тәсіл – банк кеңесшілеріне жүгіну. Өтінім қабылданатын күні маман құжаттарды бейнебайланыс арқылы немесе жақын жердегі кеңес беру орталығында қабылдай алады. Кеңесшілер тізімі банктің ресми сайтында жарияланған.

Маман таңдарда оның қызметтер тізімінде «Төлем қабілеттілігін алдын ала бағалау» және «Несие алуға арналған құжаттарды қабылдау» қызметтерінің бар-жоғын тексеру қажет.

Үшінші тәсіл – «Отбасы банк» бөлімшесіне барып, өтінім беру.

Back to top button