$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +6° Сезіледі +4° Жел 1 м/с Ылғалдылық 72%
Жаңалықтар

Қазақстанда қанша адамның айлығы 1 млн теңгеден асады

Ел аумағында зерттеуге қатысқан 3,4 миллион қызметкердің шамамен 154 мыңы айына 1,1 миллион теңгеден жоғары жалақы алады. Бұл – зерттелген жұмысшылардың 4,6 пайызы, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көбінің алатыны – 300 мың теңгеден асады

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, зерттеу нәтижесіне сәйкес екінші тоқсанда елдегі орташа жалақы 486 мың теңгені құрады. Көбінің алатыны – 300 мыңнан 500 мың теңге аралығындағы айлық. Мұндай табысты шамамен 1,1 миллион қызметкер алады. Бұл зерттеуге қатысқан жұмысшылардың 32 пайызына тең.

Ал айына 100 мың теңгеге дейін жалақы алатындар саны шамамен 76 мың адамға жеткен. Бұл – зерттелген қызметкерлердің 2,2 пайызы.

Сонымен қатар жұмысшылардың 42 пайызының жалақысы 300 мың теңгеге жетпейді. Олардың ішінде 29,9 пайызы айына 150 мыңнан 300 мың теңгеге дейін табыс табады.

Айлығы 1,5 млн теңгеден асатындар

Зерттеу дерегінше, Қазақстанда айына 1,1 миллион теңгеден жоғары жалақы алатындардың жалпы саны шамамен 154 мың адам. Олардың ішінде 73,7 мың қызметкердің айлық табысы 1,5 миллион теңгеден асады.

Осылайша, зерттелген қызметкерлер арасында миллион теңгеден жоғары жалақы алатындардың үлесі салыстырмалы түрде аз болғанымен, олардың саны ондаған мың адамға жетеді.

35 жастан асқандардың табысы қанша

Меншік нысандары бойынша ең жоғары орташа жалақы шетелдік компанияларда тіркелген. Бұл ұйымдардағы көрсеткіш 707 мың теңгені құрады. Ал мемлекеттік құрылымдардағы орташа жалақы 335,6 мың теңге болған.

Жас ерекшелігі бойынша ең жоғары орташа жалақы 35-44 жас аралығындағы қызметкерлер арасында байқалған. Бұл топтағы орташа көрсеткіш 489,6 мың теңгеге жетті.

Back to top button