$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +4° Сезіледі +2° Жел 1 м/с Ылғалдылық 91%
Жаңалықтар

СІМ Түркияда қазақстандық әйелдің қаза тапқанын растады

Сыртқы істер министрлігі Түркияның Ыстанбұл қаласында Қазақстан азаматшасының қаза тапқанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсеновтің мәліметінше, Қазақстанның Түркиядағы дипломаттары марқұмның жақындарымен тұрақты байланыста болып, оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Ведомство өкілі әйелдің өліміне қатысты тергеуді Түркияның құзыретті органдары жүргізіп жатқанын жеткізді.

«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл мәселе Сыртқы істер министрлігінің бақылауында», – деді Жанболат Үсенов.

Бұған дейін Түркияның DHA ақпарат агенттігі 25 қазанда Ыстанбұлдың Шишли ауданында Қазақстан азаматшасының биіктен құлап, көз жұмғанын хабарлаған еді.

Түрік басылымының мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін әйел алтыншы қабаттағы пәтердің балконынан көрші ғимараттың шатырына өткен. Алайда көп ұзамай биіктен құлап, ауыр жарақат салдарынан қаза тапқан.

Оқиғаның нақты қалай болғаны әзірге белгісіз. Түркияның құқық қорғау органдары әйелдің қандай жағдайда құлағанын анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button