
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Рафаэль Радикович 2024 жылдың қыркүйегінде негізгі команданың бас бапкері болып тағайындалған еді. Алғашқы маусымының қорытындысы бойынша ол «Қайратты» Қазақстан чемпионы атандырды.
Уразбахтин «Қайратпен» қандай жетістікке жетті
2025 жылы Уразбахтиннің жетекшілігімен алматылық клуб Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, ел чемпионы атағын қорғады. Сол маусымда «Қайрат» клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.
2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Осылайша, Рафаэль Уразбахтиннің «Қайраттағы» бас бапкерлік кезеңі аяқталды.