ЕрекшеЖаңалықтарСпорт

«Қайраттың» қарсыласы: «Реал Мадрид» Алматыға келеді

Қазір Монакода Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

«Қайрат» — турнирдегі дебютанттардың бірі, жеребе тарту кезінде төртінші себетке түсті.

Белгілі болғандай, алматылықтар «Реал Мадридпен» ойынды өз алаңында өткізеді. Ал «Интер» мен «Арсеналға» қарсы кездесулерді сырт алаңда өткізеді.

Еске сала кетсек, турнирге Еуропаның үздік 36 клубы қатысады. Олар алдын ала төрт себетке бөлінген. Жалпы кезеңде әр команда сегіз матч өткізеді: төртеуі — өз алаңында, төртеуі — сырт алаңда. Әр клубқа сегіз қарсылас белгіленген: әр себеттен екі командадан.

Барлық 36 клуб бір ортақ кестеде реттеледі. Алғашқы сегіз орынды иеленгендер тікелей 1/8 финалға шығады. 9-дан 24-орынға дейінгі командалар өзара қосымша плей-офф матчтарын өткізеді. 25-тен 36-орынға дейінгі клубтар еурокубоктардан шығып қалады.

Чемпиондар Лигасындағы жеребе аяқталды. «Қайратпен» ойнау үшін Қазақстанға келетін футбол клубтары:

  • «Реал Мадрид»
  • «Брюгге»
  • «Олимпиакос»
  • «Пафос»

«Қайрат» ойнау үшін қай командаларға барады:

  • «Интер»
  • «Арсенал»
  • «Спортинг»
  • «Коппенгаген».
Back to top button