$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +4° Сезіледі +1° Жел 2 м/с Ылғалдылық 97%
Жаңалықтар

«Жақсы дүниенің бәрі аяқталады»: Крутойдың Димашпен жобалары тоқтады

Белгілі ресейлік композитор Игорь Крутой қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенмен жаңа бірлескен жобалар болуы екіталай екенін айтты. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап бергенде мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Жақсы дүниенің бәрі аяқталады»

Жазылушыларының бірі Игорь Крутой мен Димаштың сахнада бірге өнер көрсетпей кеткеніне өкініш білдірген. Ол қос әншінің дуэтін ерекше бағалайтынын жазған.

«Сіз бен Димаштың бірге шықпай кеткені өте өкінішті. Екеуіңіз бірге керемет едіңіздер!» – деп жазған тыңдарман.

Композитор оған: «Жақсы дүниенің бәрі бір күні аяқталады…» деп жауап берді.

Тағы бір оқырман қазақстандық әншімен жаңа ортақ туындылар күтуге бола ма деп сұраған. Игорь Крутой: «Меніңше, болмайды…» – деп қысқа қайырды.

Шығармашылық серіктестік 2018 жылы басталған

Игорь Крутой мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылық байланысы 2018 жылы басталған. Осы жылдар ішінде композитордың туындылары қазақстандық әншінің репертуарына еніп, Димаштың вокалдық мүмкіндігін халықаралық тыңдарманға танытуға ықпал етті.

Дереккөздің мәліметінше, соңғы жылдары музыканттардың бірлескен жобалары іс жүзінде тоқтаған. Олардың арасында ресми ынтымақтастық келісімшарты жасалғаны туралы ақпарат жоқ. Композитор жаңа жобалардың не себепті болмауы мүмкін екенін нақтыламады.

Back to top button