$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☁ +4° Сезіледі +1° Жел 2 м/с Ылғалдылық 96%
TOP-2Геосаясат

Өзбекстан Иранға Самарқан жайлы жазбалар үшін наразылық нотасын жолдады

Самарқанның тарихи-мәдени мұрасына қатысты жазбалардан кейін Өзбекстан Иран елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырып, наразылық нотасын тапсырды. Ташкент Иранның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері жариялаған материалдар қаланың тарихын біржақты түсіндіріп, саяси мақсатта пайдаланылған деп санайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өзбекстан неге наразы

Өзбекстан СІМ-нің мәліметінше, наразылыққа Иранның бірқатар шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері әлеуметтік желіде жариялаған жазбалар түрткі болған. Оларда Самарқанның тарихи-мәдени мұрасы Иран немесе парсы-ислам өркениетімен байланыстырылған.

Бұл жазбалар АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың Самарқанға сапары кезінде жариялаған материалына жауап ретінде шыққан. Рубио қала тарихының әлемдік саудадағы рөлін атап өткен еді. Ал Иранның Армениядағы елшілігі оның жазбасына пікір қалдырып, Рубио тұрған жер парсы өркениеті мен сәулетінің бір бөлігі екенін жазған.

Ташкент даулы жазбаларды өшіруді талап етті

Өзбекстан СІМ 23 қазанда Иранның елшісі Мұхаммад Әли Искандариді шақыртып, оған наразылық нотасын тапсырғанын хабарлады. Ташкент Самарқан, Бұхара, Хиуа және елдегі өзге де тарихи қалалардың мұрасын Өзбекстанның ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-мәдени дамуының ажырамас бөлігі деп атады.

Өзбек тарапы Ираннан дипломатиялық өкілдіктердің әлеуметтік желідегі тиісті жазбаларын өшіруді және мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін шара қабылдауды талап еткен. Сонымен бірге Ташкент Иранмен өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынасты бағалайтынын, алайда елдің тарихи-мәдени мұрасына қатысты ұстанымын қорғайтынын мәлімдеді.

Back to top button