Өзбекстан орталық банкі «Еуразия банкінен» лицензиясын қайтарып алды

Өзбекстанның орталық банкі 2024 жылдың қаңтарында тіркелген қазақстандық «Еуразиялық банктің» еншілес ұйымының лицензиясын қайтарып алды. Себеп – жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшеріне сай келмеуінде. Қаржы ұйымы мәжбүрлі түрде таратылмақ, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.
Өзбекстанның Орталық банкі «Еуразиялық банктің» банк қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясын қайтарып алу туралы шешім қабылдағанын реттеушінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Заңнамаға сәйкес, несие ұйымын мәжбүрлі түрде тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.
Еуразиялық банк (Eurasian Bank) – 1994 жылы құрылған қазақстандық коммерциялық банк. Бас кеңсесі Алматыда орналасқан. Банктің еншілес ұйымы Өзбекстанда 2024 жылдың қаңтарында тіркелген еді. Ол елде автонесие мен POS-несиелеуді, сондай-ақ офлайн және онлайн арналар арқылы өзге де қаржылық қызметтерді ұсынуды жоспарлаған.
2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Еуразиялық банктің» капиталы 104 млрд сомды құрады, алайда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап оның ең төменгі мөлшері 500 млрд сом болуы тиіс. Банктің портфелінде несие де, депозит те жоқ.
Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек қорытындысы бойынша таза шығын 12,6 млрд сом болса, 2025 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 51,6 млрд сомға жеткен.