[ulys_info_ticker]
Жаңалықтар

Тоқаев Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайтынын айтты

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент өз сөзінде Қазақстанның тарихи өткеніне объективті баға беру қажеттігін айтты. Оның айтуынша, өткен кезеңдегі оқиғалар мен саяси қайраткерлердің елдің қалыптасуындағы рөлін жан-жақты әрі бейтарап тұрғыдан қарастыру қажет.

Осы орайда Президент елді отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты атап өтті.

«Егемен Қазақстанның негізін қалап, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», – деді президент.

Back to top button