$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

«Құмар ойынның құрбаны болдым»: Ескендір Сергебаев өмірдегі қиындығын ашық айтты

Бір кездері «Миллион кімге бұйырады?» телешоуы арқылы көпшілікке танымал болған жүргізуші Ескендір Сергебаев он жыл бойы құмар ойынның құрсауында болған. Бұл жайлы ол “Кoremiz show” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ескендір Сергебаевтың айтуынша, 2017 жылы әйелімен ажырасқан. Ал ажырасуына құмар ойын себеп болған.

«Қызым мен ұлым бар. Мен өмірімді арнайтын адамдарды қатты жақсы көремін. “Папамыз тастап кеттті” деген жүректерінде реніш болмасын деп екінші рет отбасын құрған жоқпын. Ажырасуыма құмар ойын себеп болды. Бірақ соншалықты баспен кіріп кететіндей ақымақ адам емеспін. Он жылдай құмар ойын ойнадым. Бірақ мен көмекке жүгінетіндей өзімді ауру деп санамаймын», – дейді Ескендір Сергебаев.

Ол кім?

Ескендір Сергебаев (Ескендір Сергебай) – «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды телешоуының бұрынғы жүргізушілерінің бірі. Ол 2004-2006 жылдары «Хабар» және КТК телеарналарында аталған бағдарламаны жүргізген. Кейін КТК және НТК телеарналарында басшылық қызметтер атқарған. 2012–2017 жылдары Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Ескендір Сергебаев сұхбаттарының бірінде мемлекеттік қызметтің көңілінен шықпағанын айтқан. Алайда оның бұл қызметтен кетуіне отбасылық жағдайы әсер еткенін де жеткізген. Оның жұбайы – белгілі тележурналист Гүлжан Сергебаева. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар бөлек тұрады. Олардың бір ұлы мен бір қызы бар.

Back to top button