$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48
ЖаңалықтарҚоғам

Әскери қызметкерлерге төлем төлеу тәртібі өзгереді

Елде Ішкі істер министрлігіне қарасты әскери қызметшілерге төлемдер төлеу тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Түзетулер қашан күшіне енеді

Тиісті бұйрық жарияланды. Түзетулер қазан айының 30-нан бастап күшіне енеді.

Егер сарбаз бір айда толық қызмет етпесе, іс жүзінде ақша жұмыс істеген күндері санына қарай төленеді. Қызметке себепсіз шықпаған күндері үшін ақша төленбейді. Бұйрықта әскери қызметте іс жүзінде болмаған күндер көрсетіліп тұрады. Ақшалай үлесті пропорционалды түрде есептеу үшін айдағы күнтізбелік күндер қолданылады.

Шетелдегі әскери оқу орындарында оқып жатқандарға төлемдер халықаралық келісімшарттар негізінде төленеді.

Ісі сотқа кеткен сарбаздар қандай төлем алады

Күдікті деп танылған, яки ісі сотқа кеткен әскери қызметші шешім шыққанша ең төменгі жалақы көлемінде төлем алады. Ақталып шықса немесе іс тоқтатылса, оған толық айлығы есептеліп, бұрын берілген ең төменгі жалақы шегеріледі де қалған айырмасы төленеді.

Жетім, я болмаса ата-анасы қамқорлығынсыз қалған мерзімді қызметтегі сарбаздарға жұмыстан босатылу жәрдемақысы әкімдік анықтамасы негізінде беріледі.

Back to top button