$ 448.61 € 503.83 ₽ 5.48
Жаңалықтар

Ресей азаматтарының Қазақстанға кіру тәртібі өзгере ме – СІМ түсініктеме берді

Ресей Қазақстаннан визасыз шетел азаматтарына арналған электронды рұқсат беру жүйесін енгізу тәртібі төңірегінде түсініктеме сұрады. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қосымша түсіндірме күтеміз”

Ресми өкіл жаңа нормалар Еуразиялық экономикалық одақ азаматтарына да ортақ болғандықтан, шекаралық тәртіптің халықаралық келісімдермен қалай үйлесетінін нақтылау маңызды.

Сөзінше, Ресей мемлекеттің ұлттық көші-қон заңнамасын жетілдіруге деген егемен құқығына құрметпен қарайды.

“Жаңа талаптар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтарына да қатысты болғандықтан, қолданыстағы халықаралық келісімдерді ескеріп, қазақстандық тараптан қосымша түсіндірме күтеміз”, – деді Захарова.

СІМ берген түсініктеме

Бұдан соң Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі QazETA жүйесіне байланысты ресейлік тараптың өтінішіне ресми түсініктеме берді. Онымен қоса, шетелдіктер үшін елге кірудің жаңартылған талаптары жөнінде мәлімет ұсынды.

Ведомство өкілі жаңа тәртіп туралы ақпараттың барлығы серіктес мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы толық жеткізілгенін алға тартты.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов елге визасыз келу құқығы бар 85 елдің, оның ішінде Ресей азаматтары үшін QazETA электрондық рұқсат беру жүйесі қолданылатынын алға тартты.

“Қазір QazETA жүйесі бойынша толық ақпарат аталған барлық мемлекетке дипломатиялық арналар арқылы берілді”, – деді Үсенов.

Астанада брифинг өтеді

Ресми өкіл электрондық рұқсатты ресімдеу тәртібі Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің ресми сайттары қосымша жарияланатынын да алға тартты. Бұл шетелдіктер үшін өзгерістермен ертерек танысуға мүмкіндік беретін көрінеді.

Бұдан бөлек, елдің құзыретті органдары жуықт Елордада тіркелген дипломатиялық миссиялар үшін QazETA жүйесінің жұмыс ерекшеліктерін түсіндіретін арнайы брифинг өткізуді жоспарлап отыр.

Шетелдіктерге қойылатын талап

Қазақстан аумағында шетелдіктердің елге келуі, мемлекет аумағында болуы және шығуы ережелеріне өзгерістер енгізіледі. Құжатқа сәйкес, шекарадан визасыз өтетін шетелдіктерге цифрлық кіру рұқсатын алу талабы қойылады.

Рұқсат онлайн түрде тегін берілмек. Оған сапарға дейін кемі 72 сағат бұрын өтінім тапсыру керек. Алынған құжат 180 күн бойы жарамды саналады.

Back to top button