$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45
Спорт

Қазақстан Азия Пара ойындарында пара садақ атудан алғаш рет медаль жеңіп алды

Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар Темірлан Сейтқамал мен Нұршат Төлеуқасым пара садақ атудан күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР ҰПК.

Ерлер арасындағы W1 санаты бойынша жұптық сында қазақстандық дуэт финалға шығып, Қытай құрамасымен кездесті. Шешуші кездесу қарсыластардың пайдасына 6:0 есебімен аяқталды. Үш сет нәтижесі – 37:31, 35:32 және 37:35.

Бұл жүлде Қазақстан тарихындағы Азия Пара ойындарында пара садақ атудан жеңіп алынған алғашқы медаль болды.

Back to top button