$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45
Жаңалықтар

Құрылтайға келген жаңа депутат жұмысына кірісті

Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында Гүлнәр Тойлыбаева депутат ретінде ант берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Депутат «Әділет» партиялық фракциясы атынан өкілдік етеді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, – деді Тойлыбаева ант қабылдау рәсімінде.

ОСК ресми түрде тіркеді

Айта кетейік, Гүлнәр Тойлыбаева кеше Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты болып ресми тіркелген болатын.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров оған Құрылтай депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыстады.

Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталатынын атап өтті.

Гүлнар Тойлыбаева Қаржы және бюджет комитеті құрамына сайланды.

Back to top button