$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45
ЕрекшеЖаңалықтарСпорт

ByDastann Жозе Моуриньюге тоғызқұмалақ сыйлады

Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Мадридте аты аңызға айналған футбол жаттықтырушысы Жозе Моуриньюмен кездесіп, оған қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақты сыйға тартты. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Еркін әңгімелесіп, сұрақ қойдым»

Дастан Мұхамедрахым әйгілі футбол жаттықтырушысымен жеке кездесіп, онымен еркін әңгімелесуге мүмкіндік алғанын айтты.

«Аты аңызға айналған Жозе Моуриньюмен жеке кездестім. Жай ғана суретке түсіп қана қоймай, еркін әңгімелесіп, қалаған сұрақтарымды қойдым», – деп жазды тревел-блогер.

Кездесу барысында ол Жозе Моуриньюге қазақ халқының ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақты сыйлаған.

Бұған дейін Трамптың ұлымен бірге тауда адасып кеткен

Еске салсақ, бұған дейін Дастан Мұхамедрахым АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлымен бірге Моңғолияда саяхаттап жүріп, тауда адасып кеткенін хабарлаған болатын.

Блогер сол кезде басынан өткен оқиғаны әлеуметтік желіде баяндаған.

«Сіздерге Голливудта болмаған, бірақ шын өмірде болған жағдайды айтайын. Трамптың баласымен бірге тауда адасып, жол іздеп, өзеннен өте алмай, таудан аса алмай қалдық. Бірақ уайымдамаңыздар, бізде бәрі жақсы. Өзеннің екінші жағынан ат алып келді. Ақыры құтқарылдық. Менің өзеннен өтіп бара жатқан видеомды Трамптың баласы түсірді», – деген еді Дастан Мұхамедрахым.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button