$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45
Спорт

Еркін Ғаббасов Азия пара ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын медалін иеленді

Еркін Ғаббасов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Нысана көздеуші жарыс рекордын жаңартып, 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алғашқы алтын және жарыс рекорды

Еркін Ғаббасов R1 санатында пневматикалық винтовкадан 10 метрге нысана көздеуден чемпион атанды.

Қазақстандық спортшы 249,1 ұпай жинап, жарыс рекордын орнатты. Бұл нәтиже оған алтын медальмен бірге 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысу құқығын берді.

Ғаббасов бұған дейін жазғы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін иеленген.

Қазақстан атынан 150 спортшы қатысады

Жапониядағы Азия пара ойындарында Қазақстан құрамасы спорттың 12 түрінен бақ сынайды. Ел намысын барлығы 150 спортшы қорғайды.

Еркін Ғаббасовтың жеңісі Қазақстан құрамасының осы жарыстағы алғашқы алтыны болды.

Back to top button