$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Алматыда интимдік қызмет көрсететін әйелмен кездескен ер адам полицияға арызданды

Алматының Медеу ауданында ер адам мен интимдік қызмет көрсететін әйелдің арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға Қонаев көшесіндегі пәтерлердің бірінде болған. Полицияға хабарлама 102 арнасына түскен.

Оқиға орнына «Буран-636» патрульдік полиция экипажы барған. Ер адамның айтуынша, әйел оның басынан ағаш затпен ұрған. Осыдан кейін ол әйелдің соңынан қуған.

Екі тарап та бір-бірін айыптады

Полиция қызметкерлері әйелді Мәметова көшесі мен Назарбаев даңғылының қиылысында ұстаған. Әйелдің айтуынша, ер адам көшеде оған тиісіп, жанжал шығарған. Ол бұған жауап ретінде ер адамды ұрғанын айтқан.

Екі тарап та Медеу аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір жанжалдың себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button