$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41
Жаңалықтар

Қазақ анимациясының жарқын өкілі Алтынбек Өмірзақов өмірден өтті

Әмен Қайдардың алғашқы шәкірттерінің бірі Алтынбек Өмірзақов қайтыс болды

Суретші-аниматор әрі педагог Алтынбек Өмірзақов қайтыс болды. Қаралы хабарды Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы мен «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі жеткізді,  деп хабарлайды Tizgin.kz.

Киностудия мен шығармашылық бірлестік марқұмның отбасына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.

Алтынбек Өмірзақов қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдардың алғашқы шәкірттерінің бірі болған. Ол шығармашылық жолын ұлттық анимация өнерін дамытуға, оның дәстүрлерін сақтауға және жас мамандарды даярлауға арнады.

Әріптестері оның көп жылғы еңбегі мен мамандығына адалдығы Қазақстан кинематографиясының тарихында өзіндік із қалдырғанын атап өтті.

Алтынбек Өмірзақов – қазақ анимация өнерінің негізін қалаушы Әмен Қайдаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі. Ол ұлттық мультипликацияның қалыптасуы мен дамуына атсалысып, саналы ғұмырын осы өнер саласына арнады.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде ұстаздық етіп, жас аниматорлардың кәсіби қалыптасуына, ұлттық анимация мектебінің дәстүрін жалғастыруға зор үлес қосты.

Алтынбек Өмірзақовтың шығармашылық жолы, ұлттық өнерге деген адалдығы мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі қазақ анимациясының тарихында өзіндік орын алады.

Back to top button