Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабардың» директорлар кеңесіне кірді
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров «Хабар» агенттігі» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Тиісті шешімді қоғамның жалғыз акционері 2026 жылғы 2 қазанда қабылдаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Айбек Смадияровпен бірге директорлар кеңесінде Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы Ләззат Танысбай бар.
Бұл шешім агенттіктің жалғыз акционерінің шешімімен рәсімделген.
Айбек Смадияров 2026 жылғы 29 қаңтарда Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұл қызметте Руслан Желдібайды алмастырған.
Оның алдында Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарған.
Айбек Смадияровтың өмірбаяны
Айбек Смадияров 1983 жылы туған. Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиясы: 2004 ж., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Еңбек өтілі:
2005-2006 жылдары – «Қазақстандағы Қытай банкі» акционерлік қоғамы әкімшілік департаментінің маманы;
2006-2008 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы;
2008-2010 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің атташесі, үшінші хатшысы;
2010-2012 жылдары – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы;
2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің сарапшысы;
2013-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжам комитетінің бірінші хатшысы;
2014-2018 жылдары – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы;
2018-2019 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметінің басшысы – ресми өкілі;
2019-2023 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – ресми өкілі;
2023-2025 жылдары – Сыртқы істер министрлігі Коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі;
2025 жылғы наурыздан желтоқсанға дейін – Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі;
2025 жылғы желтоқсан мен 2026 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
2026 жылғы 29 қаңтарда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
I сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
«Халық алғысы» және «Шапағат» медальдарымен марапатталған.
2026 жылғы 02 қазанда Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімімен (№ 477-НҚ бұйрық) «Хабар» Агенттігі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.