Еуропа АҚШ-тың бұғатталған ресейлік активтер бойынша ұсынысын қабылдамады
Германияның федералдық канцлері Фридрих Мерц мәлімдегендей, бұғатталған ресейлік активтер Еуропаның бақылауында қалуы тиіс, деп хабарлайды Tizgin.kz BILD агенттігіне сілтеме жасап.
Ұсыныс неге қабылданбады
Канцлер бұғатталған ресейлік қаражатты аудару жөніндегі АҚШ жоспарын қабылдамау себебін қысқа қайырып түсіндірді. Сөзінше, бұл – Еуропада бұғатталған активтер, сол үшін Еуропада бұғатталған күйінде қалуы керек.
Бұл – біздің жұмыс, тиісті мәселе бойынша шешімді де өзіміз қабылдаймыз, – деп мәлімдеді Германия канцлері.
Ақ үйдің өз есебі бар
Мұның алдында дереккөздерге сілтеме жасаған Financial Times басылымы АҚШ-тың Батыс елдеріне ресейлік активтердің бір бөлігін бұғаттаудан шығарып, оларды Вашингтон бақылайтын қаражат құрылымына аударуды ұсынғанын жазған. Ақ үй бұл қадам Мәскеумен бейбіт келіссөздерді қайта жандандыруға сеп болады деп топшылап отыр.