$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
Жаңалықтар

Қазақстанда мәслихаттар қайта сайланады: әкімдіктердің жұмысы өзгере ме

Қазақстанда мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса да, әкімдер мен жергілікті атқарушы органдар жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Әкімдіктердің жұмысы тоқтамайды

Ұлттық экономика министрлігі мәліметінше, мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату әкімдердің немесе жергілікті атқарушы органдар қызметін тоқтатуға негіз емес.

Ведомство өкілдері әкімдер мен әкімдіктер Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз міндеттерін атқара беретінін алға тартты.

«Мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату әкімдер мен жергілікті атқарушы органдар өкілеттіктерін тоқтатуға әкелмейді. Олар тиісті аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ағымдағы мәселелерді шешіп, заңнамаға сәйкес өз міндеттерін орындауды жалғастырады», – деп хабарлады министрлік өкілдері.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңның 25-бабына сәйкес, мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері өкілді органның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, депутаттардың жаңа құрамы сайланса жұмысын жалғастырады.

Ұлттық экономика министрлігі қандай міндет атқарады

Министрлік мәліметінше, ведомство өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жалғастырады. Оның ішінде өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері де бар.

Ал мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастырып, оны тікелей өткізу Орталық сайлау комиссиясы мен тиісті сайлау комиссиялары міндетіне жатады.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша әкімдіктерге арнайы ұсынымдар немесе түсіндірмелер жіберудің қажеттілігі жоқ екенін мәлімдеді.

Еске салайық, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қараша күніне белгіленген.

 

Back to top button