$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
Жаңалықтар

Өскеменде конденсатор зауыты өртенді: ТЖМ мәлімдеме жасады

Өскемен қаласындағы конденсатор зауытының аумағында ірі өрт шықты. Екі қабатты қойма ғимаратының шатыры өртеніп, жалын 720 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға қалай болған

ТЖМ мәліметінше, өрт Өскемен қаласындағы Малдыбаев көшесінде орналасқан конденсатор зауытының аумағында болған.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқан. Өрттің жалпы аумағы 720 шаршы метрге жеткен.

Өрттің шығу себебі неде

Оқиға орнына келген құтқарушылар бірден өртті сөндіруге кіріскен. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалынның одан әрі таралуына жол берілмей, өрт оқшауланды.Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button