ЕрекшеЖаңалықтар

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеді: себебі неде

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі алдын ала анықталған дерекке сәйкес, ер адамның бұл әрекетіне азаматтық некедегі жарымен жеке жанжалы себеп болғанын хабарлайды, деп жазады Tizgin.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметі бұл жағдай әуе айлағының жұмысына еш әсер етпегенін мәлімдеді. Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

НЕ БОЛДЫ

Кеше әлеуметтік желілерде өзін-өзі өртеген ер адамның видеосы тарады.

Оқиға 25 тамыз күні сағат 22:06-да Алматы қаласының әуежайындағы «Т-1» терминалында болды. Ер адам касса маңында өзін-өзі өртемек болған. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірлесіп отты дереу сөндіріп, жедел жәрдем шақырған. Ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Back to top button