$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
TOP-1Эксклюзив

“Өз есебі бар шығар”: Жұманғарин “ауылда 85 мың теңге жетеді” деген депутат жайлы пікір білдірді

Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге Tizgin.kz тілшісі “ауылда 85 мың теңге айлық жетеді деген депутаттың сөзімен келісесіз бе?” деп сұрақ қойды,  деп хабарлайды Tizgin.kz.

Серік Жұманғарин не дейді

Жұманғарин ол туралы сөйлегісі келмейтінін айтып, тілшіге депутаттың өзіне осы сұрақты қоюға кеңес берді.

“Депутаттың бәлкім, өз есептері бар шығар. Мүмкін 85 мың теңге жетеді дегенді дәлелдер. Бәлкім, ауылда тұрған адам шығар. Әлде ауылда азаматтар қалай тұратынын білетін шығар. Біз енді қалада тұрған адамбыз. Кешірім сұраймын. Оған жауап бере алмаймын”, – деді ол.

Серік Жұманғарин күн тәртібінде бюджет туралы екенін айтып, жауап беруден бас тартқысы келді. Ал “ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып 2027 жылы қалатын болды ма?” деген сұраққа ол былай жауап берді.

“Қазір пікірталас болып жатыр. Президент әкімшілігі, Құрылтай, біз – бәрін есептеп жатырмыз. Нәтижесін жақында білесіз”, – деді ол.

Депутат: “Ауылда 85 мың теңге айлық жетеді”

Еске сала кетейік, бұған дейін Respublica партиясынан Құрылтай депутаты Мейірхат Қасымбаев Қазақстандағы ең төменгі жалақы – 85 мың теңге жететінін айтқан еді. Оның осы сөзі көп қоғамда көп талқыланған.

Қазіргі 85 мың теңге күнкөріске жете ме деген сұраққа депутат «ауылда тұрып жатқан адамға жетіп қалар, ал қалада тұратын адамға, әрине, жетпейді» деп жауап берген еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button