$ 450.62 € 504.20 ₽ 5.36
TOP-1

14 сарбаздың қазасы: тілшілер Смайыловтан аудит қалай жүріп жатқанын сұрады

Маңғыстаудағы қайғылы жағдайдан соң тиісті тексерістер қалай жүргізіліп жатқанын Жоғары аудиторлық палата Төрағасы Әлихан Смайылов жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Ешнәрсе айта алмаймыз»

Сөзінше, тұщымды ақпарат аудит жұмыстары аяқталған соң беріледі.

«Өз кезегімен жүріп жатыр. Әзірге ешнәрсе айта алмаймыз. Неге десеңіздер, аудит жұмыстары жүріп жатыр. Сосын толық ақпарат ұсынамыз», – деді ол.

30-дан аса тексеріс жүргізілген

Журналистер одан алдағы уақытта қандай тексерістер жүргізуді жоспарлап отырғандарын сұрады. Әлихан Смайылов жылына 30-дан аса тексеріс жүргізілетінін жеткізді.

«Аудиторлық іс-шаралар жоспарын біздің сайттан көре аласыздар. Тоғыз айда 17 аудиторлық тексеріс жүргіздік. Тағы 17-ін жыл біткенше аяқтаймыз», – деп Смайылов.

Әскерге бөлінген қаржы қалай бақыланады

Айта кетейік, кеше Үкімет отырысында Tizgin.kz тілшісі Қаржы министрі Мәди Тәкиевтен Қорғаныс министрлігіне бөлінетін бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қалай бақылайтыны жайлы сұраған болатын.

Министр бюджет қаражаты мемлекеттік органдардың қажеттіліктері мен жоспарланған бағдарламаларына сәйкес бөлінетіндігін жеткізген. Ал оның тиімді пайдаланылуы кейін аудит арқылы тексерілетін көрінеді.

«Біз бюджетті жоспарлаған кезде қандай заттар қажет, қандай бағдарламалар бар – соның бәрін ескереміз. Оның тиімділігін де өзіміз тексереміз. Қаржы министрлігінде ішкі мемлекеттік аудит комитеті бар. 2023 жылы тексеріс болды. 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша да тексеріс жүргізілді. Ол жақта да бірталай бұзушылық анықталды. Бұл туралы есеп бергенбіз», – деді Мәди Тәкиев.

Back to top button