$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЭкономика

АҚШ доллары теңгеге шаққанда арзандады

25 тамыздағы Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 535,99 теңгені құрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жұма күнінен бері ол 1,37 теңгеге арзандады.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орта есеппен мынадай бағамдар белгіленген:

  • доллар: сатып алу – 535-536 теңге, сату – 537-537,5 теңге;

  • еуро: сатып алу – 623-626 теңге, сату – 629-630 теңге;

  • рубль: сатып алу – 6,52-6,6 теңге, сату – 6,64-6,7 теңге.

ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 68,1 долларды құрайды.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button