ЕрекшеЖаңалықтар

Apple бүктелетін алғашқы iPhone-ды шығарады

Bloomberg журналисі Марк Гурманның мәліметінше, Apple «кітапша» үлгісіндегі форматпен жұмыс істеп жатыр. Құрылғыда сыртқы 5,5 дюймдік экран және жайылған кезде 7,8 дюймдік дисплей болады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Смартфон төрт камерамен жабдықталмақ: алдыңғысы, жайылған режимде селфи түсіруге арналған ішкісі және артқы жағындағы екі негізгі камерасы.

Apple Face ID технологиясынан бас тартып, оның орнына қуат түймесіне орнатылған Touch ID енгізеді. Сондай-ақ физикалық SIM-картаның ұяшығы болмайды – тек eSIM қолданылады. Ішінде екінші буын Apple C2 модемі орнатылады.

Экранға ерекше назар аударылған: лазерлік тесіктері бар арнайы металл пластина бүктеген кезде байқалатын қыртысты жоюға тиіс.

Жаңа құрылғының таныстырылымы 2026 жылы күтіліп отыр.

Back to top button