Тоқаев Пәкістан, Марокко мен Того елшілерін тағайындады
Президент жарлығымен үш елдің елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ресми ақпаратты Ақорда таратты.
Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол л бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.
Өмірбаяны
Еркін Тұқымов 1973 жылы Өзбекстанда, Терміз қаласында туған. 1997 жылы Варшама халықаралық қатынастар институтын үздік бітіріп, 2004 жылы ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын тамамдады.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде бастады. 2000-2005 жылдары ҚСЗИ сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.
- 2005-2007 жылдары Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры болды.
- 2007-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының стратегиялық халықаралық ықпалдастық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
- 2008 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болды.
- 2010 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақстанның Қазандағы бас консулы лауазымына 2018 жылы тағайындалды.
- 2019 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-елшісі болды.
- 2025 жылы Қазақстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі болып тағайындалды. Бұл қызметтің алдында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бұрынғы директоры болды.
Тағы бір тағайындау Марокко мен Того елшілігін қамтыды.
Мемлекет басшысы Жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, – делінген мәліметте.
Туған жылы: 1968 жылы 22 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген
Білімі: Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, ҚР СІМ Дипломатиялық Академиясын бітірген.
Өзінің еңбек жолын 1992 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде француз тілінің оқытушысы болып бастаған.
- 1993 жылы СІМ-дегі аудармашылықпен қамтамасыз ету бөлімінің референті ретінде дипломатиялық қызметке ауысады. СІМ Орталық аппаратында түрлі қызметтерді атқарып, Қазақстанның Франция, Израиль, Бельгия және Вьетнамдағы елшіліктерінде жұмыс істеді.
- 2012-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Дипломатия институтын басқарды.
- Қазақстанның Мароккодағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары болды.
- 2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.