ЕрекшеЖаңалықтар

Тоқаев Жоғарғы сот төрағасына елдің сот жүйесіне сенімін нығайтуды тапсырды

Президент Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысына биылғы жеті айдағы сот жүйесі қызметінің қорытындылары жөнінде баяндалған. Асламбек Мерғалиев азаматтық істер бойынша дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану 24 пайызға, яғни, 61 мыңнан 76 мыңға дейін өскенін айтқан. Оның айтуынша, олардың қатарында медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері бар. Азаматтардың мемлекеттік органдармен арадағы даулар бойынша құқығын қорғау шеңберінде әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың 2,6 мың актісі (57 пайыз) заңсыз деп танылған. Қылмыстық іс жүргізуде конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қамтамасыз ету шаралары туралы мәлімет берген. Атап айтқанда, тергеу соттарының қамауға алуды санкциялаудан бас тарту үлесі 23 пайыздан 37 пайызға өсті. Ақталған азаматтардың саны (жеке айыптау істерін қоспағанда) 59-дан 88-ге жеткен.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылғы 1 шілдеден бастап дербес кассациялық сот жұмыс істей бастаған. Алғашқы айдың өзінде аталған мекемеге 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен.

ТОҚАЕВ НЕ ЖҮКТЕДІ

Президент Жоғарғы сот төрағасына халықтың сот жүйесіне сенімін нығайту және сот төрелігінің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастырудың маңызды екенін атап өткен.

Back to top button