Заңгер Мейірман Шекеевтің үстінен қозғалған қылмыстық істер тоқтатылды
Мейірман Шекеев өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істер тоқтатылғанын әлеуметтік желіде жария етті, деп жазады Tizgin.kz.
Заңгер не дейді
Әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Мейірман Шекеев бұған дейін өзінің үстінен қозғалған қылмыстық істер тоқтатылғанын жұртшылыққа жариялайын деп жүрген Ресей билігі Украинадағы соғыс аумағына алып кеткен қазақ балаларының мәселелері алдынан шыққан. Сол сәтте заңгер өзінің жеке басындағы мәселелерді шетке ысырып қойғанын айтады.
“Менің өзімнің жеке мәселем болса да, көп адамдар алаңдап жатты. Сол себепті алдарыңызға шығып, осы хабарды айту – міндетім деп санаймын. Көп адамның адал ниетін, ізгі тілегін жеткізгенін көрдім. Қазір бір емес, бірнеше істер болған – солардың бәрі тоқтатылды. Олардың бірі ұлтараздықты қоздыру бабымен қозғалған еді. Саясатпен сен айналыаспасаң, саясат сенімен айналысады дегенні кері болды. Бірақ Аллаға шүкір, менің әрекеттерімде ұлтараздықты қоздырудың ешқандай белгілері жоқ”, – дейді ол.
Мейірман Шекеевтің айтуынша, өзі бұрын шәкіртім деп жүрген бір-екі азамат артына түсіп, істердің қозғалуына түрткі болған.
“Олардың кім екенін кейін айтармын. Баршаңызға басым жерге тигенше алғысымды айтамын”, – дейді заңгер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram