Оқиға 24 тамыз кешке Қызылжар – Түйемойнақ учаскесінде болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жезқазғаннан Астанаға бет алған жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығыса жаздаған.
Машинист жедел тежеп үлгергенімен, қатты соқтығысудан толықтай құтыла алмады.
«24 тамыз күні сағат 21:38-де Жезқазған – Астана бағытындағы №107 жолаушылар пойызының машинисті сағатына 12 шақырым жылдамдықпен келе жатып, жолда жүк вагоны тұрғанына байланысты 300 метр қашықтықта шұғыл тежегішті қолданды», – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.
Қаза тапқандар жоқ, алайда шұғыл тоқтағандықтан бірнеше жолаушы жеңіл жарақат алған. Локомотив пен инфрақұрылымға зақым келген жоқ.
Сағат 23:14-те пойыз жолын жалғастырды. Оқиғаның себебін арнайы комиссия анықтап жатыр.