Жаңалықтар
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Айнұр Оңғарова Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
БАҚ саласында 15 жылға жуық тәжірибесі бар
Айнұр Маратқызының бұқаралық ақпарат құралдары саласында 15 жылға жуық кәсіби тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Маңғыстау облыстық филиалында бастаған.
«Хабар» және «Qazaqstan» телеарналарында қызмет атқарған
Әр жылдары аймақтық телеарналарда тілші және тележүргізуші болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, «Хабар» және «Qazaqstan» телеарналарында тілші, продюсер әрі тележүргізуші қызметтерін атқарған.