Жаңалықтар

«Бұл жолы кино емес»: Актер Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықова отбасы құрды

Әлеуметтік желіде актер, продюсер Олжас Абай мен актриса, продюсер Дариға Бадықова шаңырақ көтергендерің растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Фото: Ашық дереккөз

«Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз»

Әлеуметтік желілерде актриса, продюсер Дариға Бадықованың сырға салу рәсіміндегі видеосы тарады. Көп ұзамай ол жеке парақшасына отбасы құрғанын жариялады.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат», – деп жазды ол.

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/
Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Абай Олжас тойдағы видеомен бөлісті

Сондай-ақ, актер, продюсер Олжас Абай тойдағы видеомен бөлісіп, «Бұл жолы кино емес» деп жазды.

Оқырмандарың бір бөлігі жұбайларға бақыт тілесе, тағы бір бөлігі өз отбасыларын тастап отбасы құрғандары үшін наразылық білдірді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button