ЖаңалықтарТергеу
Алматыда ер адамның өлімі бойынша төрт адам қамалды
Алматыда 61 жастағы тұрғынды өлтіру дерегі бойынша полиция төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Пәтерді заңсыз иемденді ме
Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы мен олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды.
Төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу басталды
Қазір қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық істі тергеу үшін ІІМ-нің ең тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауында, – делінген Алматы қалалық Полиция департаменті мәліметінде.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.