$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

Кенесары ханға тіл тигізген қырғызстандық екі студенттің үстінен іс қозғалды – заңгер

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев Кенесары ханға тіл тигізген қырғыз студенттерінің үстінен іс қозғалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Бүгін олардың үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлаймыз. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және ҚР заңнамасына сай қажетті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ішкі істер министрлігінен сондай хат алдым. Қылмыстық істің тіркелгенін жариялаймын”, – деді Мейірман Шекеев.

Дау неден басталды

Бұған дейін Бішкектен Астанаға алмасу бағдарламасымен келген студенттердің онлайн эфирінен үзінді әлеуметтік желіде тараған. Онда қыздар Қырғызстанда «Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішетіні» туралы сөз айтқан. Эфирге қатысқан өзге адамдар бұл сөздерді бірден сынап, видеоны Қырғызстан елшілігіне жіберетінін жеткізген. Үзінді тарағаннан кейін Қазақстан мен Қырғызстанның әлеуметтік желі қолданушылары студенттердің сөзін айыптады.

Кейін студенттердің кешірім сұраған видеосы тарады.

 

Back to top button