$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған жігіт ұсталды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Полицияның алдын ала мәліметтеріне сәйкес, сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдардың шамадан тыс жиналуына әкеліп, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.

“Адамдардың қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде адамдардың қаза болғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаза болғандар жоқ. Концерт ұйымдастырушысы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Полиция азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады”, – делінген полиция хабарламасында.

Оқиға жайлы

10 қазанда Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концерті өткен. Кіреберісте дүрбелең туындап, адамдар қысылып қалған. Әлеуметтік желіде осы концерттен тараған фото-видеолар көптеп тарай бастады. Желі қолданушылары концертке барамыз деп жараланып қайттық деп жазған, кейбірі жедел жәрдемнің фотосуретін жариялады. «Адамдар есінен танып қалып жатты» дейді біреуі. Осыдан кейін Freedom Афиша Шымкенттегі Қайрат Нұртастың концерті жөнінде мәлімдеме жасады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button