$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

Астанада 15-қабаттан құлай жаздаған жұмысшы кронштейнге жармасып аман қалды (Видео)

Астанада кондиционер орнатып жатқан жұмысшы тайып кетіп, тұрғын үй кешенінің 15-қабаты деңгейіндегі кронштейнге ұсталып қалған. Құтқарушылар оны шамамен 50 метр биіктіктен жерге түсірді, деп хабарлайды Tizgin.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Есіл ауданындағы Сауран көшесінде болған. Кондиционер орнатып жатқан 1990 жылы туған ер адам тайып кетіп, құрылғыны бекітуге арналған кронштейнге ұсталып қалған.

Жұмысшы тұрғын үй кешенінің 15-қабаты деңгейінде, жерден шамамен 50 метр биіктікте ілініп тұрған.

Құтқарушылар автосатыны пайдаланған

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен жұмысшыға жетіп, оны жерге түсірген.

Министрлік биіктікте жұмыс істеген кезде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, жарамды жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажет екенін еске салды.

Back to top button