ЕрекшеЖаңалықтар

Тимур Құлыбаев көмір кәсіпорнындағы үлесінен дивиденд алмайтын болды

“Майкубен-Вест” 2024 жыл үшін дивиденд төлемейді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Көмір өндіретін “Майкубен-Вест” компаниясы 2024 жылға дивиденд төлемеу туралы шешім қабылдады. Компанияның акционері – “Premier Development Company” ЖШС, оның жартысы Тимур Құлыбаевтың “Joint Resources” холдингіне тиесілі.

Акционер компанияның қаржылық есептілігін бекіткенмен, дивиденд бөлген жоқ. 2024 жылғы таза пайда 1,17 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы деңгеймен шамалас болды.

КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

“Майкубен-Вест” 2005 жылы құрылған, 2021 жылы АҚ болып қайта ұйымдастырылды. Компания Шоптыколь кен орнын 2042 жылға дейінгі келісімшарт негізінде игеріп келеді. Forbes Kazakhstan-2025 тізімінде 5,6 млрд долларлық байлығымен бесінші орында тұрған Құлыбаев бұған дейін де басқа активтерінен – “Joint Resources”, “Алмэкс” және “Каспий нефть” компанияларынан дивиденд алмаған.

Back to top button