Қытай Қазақстанды бензинмен қамтитын негізгі елдің біріне айналды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022-2024 жылдарға арналған бензин, дизель және авиаотын көтерме сауда нарығына талдау жүргізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
НЕГІЗГІ ЕКІ КОМПАНИЯ
Агентттіктің хабарлауынша, жеңіл мұнай өнімдері нарығында шамамен 100 компания жұмыс істейді, олардың ішінде негізгі үлесті ҚазМұнайГаз және қытайлық CNPC топтары иеленеді.
ЕКІ ОЙЫНШЫНЫҢ ӨНДІРІСІ
Аталған екі топ 9,5 млн тонна мұнай өнімін өндіріп, ішкі нарық тұтынуының 96%-ын қамтамасыз еткен. Талдау қорытындысы бойынша олардың жиынтық үлесі 85%-дан асты, бұл бөлшек нарыққа ықпал етуге мүмкіндік береді.
ҮЛЕСТЕРІ БАСЫМ
Дизель, бензин және авиаотын нарықтарында CNPC мен ҚазМұнайГаз топтарының үлестері басым (30–60%). Негізгі қуат иелері өз инфрақұрылымына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.