$ 451.05 € 504.95 ₽ 5.60 ¥ 67.62 £ 603.05 ₺ 9.07
☀ +1° Сезіледі -3° Жел 2 м/с Ылғалдылық 96%
БілімЖаңалықтар

Астанада мектеп гардеробында оқушылар қысылып, директор қызметінен босатылды (Видео)

Астанадағы №99 мектепте сабақтан шыққан оқушылар сырт киім ілетін жерде орын жетпей, қатты қысылып қалған. Тіпті оқушылар жарақат алғандарын айтып, кейбір баланың «тұншығып, есінен танғанын» мәлімдеген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Білім басқармасының түсіндіруінше, екінші ауысымның сабақ кестесі дұрыс ұйымдастырылмаған. Соның салдарынан сабақтан шыққан жеті сыныптың оқушылары бір мезетте киім ілетін жерге барған.

«Мектепте екінші ауысымдағы сабақ кестесінің дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақ аяқталғаннан кейін бір мезгілде сыртқа шыққан. Соның салдарынан сырт киім ілетін орында оқушылар қысқа уақытқа шоғырланып қалған», – делінген басқарма хабарламасында.

Мектеп директоры қызметінен босатылды

Ведомство қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген. Алайда оқушылардың есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмаған. Оқиғадан кейін гардероб қызметкері жұмыстан шығарылып, мектеп директоры қызметінен босатылған.

«Осы оқиғаға байланысты мектеп директоры атқарып отырған қызметінен босатылды», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Атап айтқанда, сырт киім ілетін орында қызметкерлердің кезекшілігі мен бақылау күшейтіліп, оқушылардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданған.

 

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button