$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52
Жаңалықтар

5 пайыздық ипотека: Астанада жеңілдетілген баспанаға өтінім қабылдау басталды

Астанада жылдық мөлшерлемесі 5 пайыз болатын 562 кредиттік пәтерге өтінім қабылдау басталды. Өтінімдерді 19 қазанға дейін Baspana Market арқылы беруге болады, деп хабарлайды Tizgin.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Кредиттік баспана қай жерде орналасқан?

Пәтерлер А91 көшесіндегі №36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан. Нысандардың кодтары – 10336, 10338, 10339 және 10340.

Өтінімді қалай беруге болады?

Өтінім қабылдау 7-19 қазан аралығында Baspana Market сайтындағы жеке кабинет арқылы жүргізіледі.

Үміткерлерді іріктеу 21 қазанға жоспарланған.

Қанша пәтер ұсынылады

Барлығы 562 пәтер беріледі:

  • 166 – бір бөлмелі;
  • 276 – екі бөлмелі;
  • 80 – үш бөлмелі;
  • 40 – төрт бөлмелі.

Үйлер бес қабатты. Ғимараттарда лифт қарастырылмаған. Пәтерлер таза әрлеумен беріледі.

Баспана алу шарттары

Бір шаршы метрдің құны – 332 916 теңге.

Несие жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 5,2-5,8 пайыз аралығында.

Бастапқы жарна – 10 пайыздан бастап.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button