Бүгін Украинадағы соғысқа әкетілген жастардың ата-аналары ҚР СІМ ғимараты алдына жиналып, мұң-зарын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Балаларына сұрау салған ата-аналар Сыртқы істер министрлігі алдында журналистерге өз жағдайларын айтып берді.

Жалғыз ұлым сол жақта жүр
Украинадағы соғыс алаңында жүрген 19 жастағы Бекасыл Жүрербектің анасы Назира Болысова бір апта бұрын баласы жазғанын айтады.

“Мама мен жараландым, көп қан жоғалттым, кешірші” деп балам жазды. Жалынып, жылап дауысын жіберді. “Қайдасың” деп едім, ауруханадамын. “Украинадамын” деп соңғы рет жазды. Менің жазған жазбаларым осыдан кейін оған жеткен жоқ. Бес-алты күн болды, байланысқа шыққан жоқ. Жалғыз ұлым”, – дейді ол.
Назира Ресейге де, Қазақстанның да мемлекеттік мекемелеріне барғанымен, “күтіңіз” дегеннен басқа жауап алмаған.
“Не тірі, не өлі екені белгісіз”
Басқа да ата-аналар дабыл қақты.
“Бауырым Арап Қуаныш Алматұлы 2025 жылдың сәуір айында тиктоктан жұмыс тауып, Ресейге кеткен. Жанында балалар бар еді. Ресейге барғаннан жұмыс істеп жатырмыз деп, тамызға дейін ата-анасымен сөйлесіп тұрған. Ол жерде еңбекақысын бермеген, бір айдай құрылыста да жүріп, ақшасын ала алмаған. Ақыры, былтыр қыркүйекте анасына қоңырау шалып, әскери дайындықпен біреулер кетті деп хабарлаған. Содан бері бауырымыздан хабар ала алмай отырмын. Не тірі, не өлі екені белгісіз”, – дейді тағы бар
Ата-аналармен бірге келген адвокат Мейірман Шекеев ата-аналармен бірге Сыртқы істер министрлігіне кіріп шығып, қандай әңгіме болғанын тілшілерге айтып берді.
“Қазір ғана біз Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман мырзамен кездестік. Мен енді осы мәселе бойынша Президентке, ҰҚК бастығына да жазғанмын. Сол өтінішіме өздерінің ұсынымдарын қоса отырып, Президентке жолдайтын болды. Енді бұл материалдар Президенттің назарына жетеді. Ары қарай тез шешіледі деп ойлаймыз”, – дейді ол.
Мейірман Шекеев осы мәселе бойынша арнайы комиссия құруды ұсынғанын айтты. Сөзінше, әу баста осы шу шыққан өзіне ҰҚК қызметкерлері шығып, “екі-ақ күнде алып шығамыз” деп уәде еткен. Алайда істің арты сұйылып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
“Қазір ата-аналардың пікірін тыңдай отырып, комиссия құратын ұсынысты көтеретін болдық. Яғни ол комиссияға ҰҚК, ІІМ, СІМ, Президент аппаратының өкілдері де кіруі мүмкін. Өйткені біз шұғыл әрекет етуді талап етіп отырмыз”, – деді ол.
Соғысқа әкетілген қазақтар
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны Сымбат Келдібек бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Келдібекті Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған.
Кейін бірнеше азаматтың өз жағдайын айтып, соғысқа әкетілгені жатқаны турасында видеосы тараған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі не дейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинада соғысқа әкетілген Қазақстан азаматтары жөнінде бұған дейін мәлімдеме жасаған. Сыртқы саяси ведомство олардың туған-туыстарынан өтініш келіп түсіп жатқанын, жағдай бақылауда екенін атап өткен.
Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz
ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz
ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz
ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған. Ал кеше Ресейге Украинадағы соғысқа аттандырылғалы жатқан Алмаз Қайсар атты азамат тағы көмек сұрап, дабыл қаққан. Полигонда жүрген ол соғысқа алып кету үшін бар-жоғы үш күн қалғанын айтты.