Спорт

Қазақстан футбол құрамасы ФИФА рейтиңінде алты орынға сырғыды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бірден алты сатыға төмендеп, 117-орынға сырғыды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Индонезиядан қалып тұр

Мұның алдында ұлттық құрама 111-орында тұрған болатын. 20 шілде күнгі FIFA-ның ресми жаңартуында да құрама осы позициясын сақтап тұрған.

Кестеге көз жүгіртсек, Қазақстан алдында Индонезия тұр. Азия құрамасы 1166,50 ұпаймен 116-орынға көтерілген. Қазақстанның ізін ала 1156,74 ұпайы бар Судан орналасқан.

Құраманың ең жоғары көрсеткіші қандай

Қазақстан құрамасы соңғы уақытта Ұлттар лигасында да жеңіске жете алмай жүр. Кеше елордада Фарер аралдарымен өткен ойында да рейтингтегі жағдайын жақсарта алмады.

Айта кетейік, Қазақстан FIFA рейтиңінде бір жылдары 83-орынға жайғасып, өзінің ең үздік нәтижесін тіркеген болатын.

Back to top button