$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48
Жаңалықтар

Депутат Татьяна Савельева Құрылтайдан кетті

Құрылтай отырысында әуелі осы мәселе қаралды. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Савельева Құрылтайдан кетуді өзі өтінген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталған мәселе Құрылтайда дауыс беру арқылы шешілді. Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Татьяна Савельеваға алғыс айтты.

Татьяна Савельеваның өмірбаяны

Татьяна Михайловна Савельева – Құрылтай депутаты болған, қаржы және бюджет саласында ұзақ жыл еңбек еткен маман. Ол 2026 жылы тамызда «Әділет» партиясының тізімімен депутат болып сайланған.

Савельева 1976 жылғы 11 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы Ақмола аграрлық университетін «Экономика және менеджмент», 2007 жылы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1999 жылдан Астана қаласының Қаржы басқармасында жұмыс істеген. Кейін Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі қызмет атқарып, бюджеттік жоспарлау бағытындағы басшылық лауазымдарға көтерілген. 2016–2023 жылдары қаржы вице-министрі болған.

2023 жылы «AMANAT» партиясының тізімімен VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты атанды. 2024 жылғы ақпанда Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланып, бұл қызметті 2026 жылғы шілдеге дейін атқарды.

Back to top button