Тізім Ресейге жолданады – ҚР СІМ Украинадағы соғысқа әкетілген жастар жайлы мәлімдеме таратты
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинадағы ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтағы қазақстандықтардың жағдайына қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға қатысты қазірдің өзінде қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олардың елге оралуы жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Жедел желіге өтініштер келіп түсуде. Әрбір өтініш бойынша ақпарат тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін жасақталған тізім Ресей тарапына жолданады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осы мәселе бойынша Ресей тарапымен түрлі деңгейде тұрақты өзара іс-қимыл жүргізіп келеді», – деп атап өтті ҚР СІМ.
Соғысқа әкетілген қазақтар
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны Сымбат Келдібек бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Келдібекті Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған.
Кейін бірнеше азаматтың өз жағдайын айтып, соғысқа әкетілгені жатқаны турасында видеосы тараған.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі не дейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украинада соғысқа әкетілген Қазақстан азаматтары жөнінде бұған дейін мәлімдеме жасаған. Сыртқы саяси ведомство олардың туған-туыстарынан өтініш келіп түсіп жатқанын, жағдай бақылауда екенін атап өткен.
Соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақта жүрген ҚР азаматтарына қатысты жедел желілер:
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
📱 +7 (7172) 72-05-00
📧 Dks_ast@mfa.kz
ҚР-дың Ресей Федерациясындағы Елшілігі:
📱 +7 (925) 897-71-14
📧 consul.moscow@mfa.kz
ҚР-дың Астрахань қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (906) 177-70-88
📧 astrakhan@mfa.kz
ҚР-дың Қазан қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (905) 020-30-42
📱 +7 (843) 202 05 92
📧 kazan@mfa.kz
ҚР-дың Омбы қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (968) 100-73-06
📧 omsk@mfa.kz
ҚР-дың Екатеринбург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (939) 919-76-33
📧 ekaterinburg@mfa.kz
ҚР-дың Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы:
📱 +7 (981) 916-25-12
📱 +7 (921)-188-90-60
📧 s-petersburg@mfa.kz
Бұған дейін Шымкент қаласы тұрғыны бауыры, 2006 жылы туған Айнабек Ресейге жұмыс істеуге кетіп, соғысқа әкетілгелі жатқанын айтып дабыл қаққан еді. Жас жігіт маусым айында ғана Алматыдағы Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы әскери борышын өтеп қайтқан. Ал 27 тамызда досымен бірге көрші елге табыс табу мақсатында барған. Ал кеше Ресейге Украинадағы соғысқа аттандырылғалы жатқан Алмаз Қайсар атты азамат тағы көмек сұрап, дабыл қаққан. Полигонда жүрген ол соғысқа алып кету үшін бар-жоғы үш күн қалғанын айтты.