Қазақстан мен Оман арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Ақорда Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы бірлескен мәлімдемені жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Құжатта екі ел басшылары Қазақстан мен Оман арасында тікелей және тұрақты әуе қатынасын мүмкіндігінше тезірек орнатудың маңызын атап өткен.
“Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Оман арасында тікелей және тұрақты әуе қатынасын мүмкіндігінше тезірек орнату маңызды екенін атап өтті. Мұны екі ел арасындағы бизнес, туризм, мәдениет салаларындағы қатынастарды және гуманитарлық байланыстарды дамытуға ықпал ететін маңызды фактор ретінде мойындады”, – делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, бүгін Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид арасындағы шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін бірқатар құжат рәсімделді.