14 сарбаздың қазасы: Әскери теңіз күштерін басқарған Ниязбеков ұсталды

ҚР ІІМ мәліметінше, Қанат Ниязбеков Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Министрліктің әскери-тергеу бөлімшесі Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-дәрежелі капитанды қызметіне салғырт қарау дерегі бойынша уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Каспийдегі трагедия
24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейін құрбан болғандар саны одан да көбейді. Осы оқиғадан кейін Мемлекет басшысының өкімімен 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Аталған оқиға бойынша тергеу екі баппен жүргізіліп жатыр.
Бас прокуратура іс бойынша күдікті лауазымды адамдар анықталғанын хабарлады. 25 күні таңертең соңғы екі әскери қызметкердің денесі табылды.
Осы оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ахуалды кешенді тексеру жөніндегі комиссия құрды.