$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстан Ресейдің 85 тонна залалданған өнімін кері қайтарды

Батыс Қазақстан облысында қауіпті карантиндік нысан саналатын кекіре шөбімен залалданған 84,5 тонна карантиндік өнім ел аумағына кіргізілмеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бекеттегі тексеріс

Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, өнімдер «Тасқала» және «Шаған» фитосанитариялық бақылау бекеттерінде тексерілді. «Тасқала» бекетінде азық-түлікке арналған мақсары мен арпа тұқымдары партиясы, ал «Шағанда» зығыр тұқымы тексеруден өткен. Өнім үлгілері зертханалық сараптамаға жіберілді.

Мамандар шығарған қорытынды

Нәтижесінде, Батыс Қазақстан облыстық карантиндік зертханасы мамандары барлық зерттелген тұқым үлгілерінен карантиндік нысандар тізіміне кіретін кекіре шөбін (Acroptilon repens L.) анықтаған.

Залалданған өнім Қазақстан аумағына өткізілген жоқ. Барлық жүк экспорттаушы елге кері қайтарылды.

Back to top button