$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Алматыда екі әйелдің қызғаныштан басталған жанжалы жаппай төбелеске ұласты (Видео)

Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінде екі әйелдің түнгі жанжалы төбелеске ұласып, соңы полицияның араласуымен аяқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Қызғаныштан туындаған жанжалға басқа келушілер де араласқан. Оқиға орнына келген полицейлер төбелеске қатысушыларды ажыратуға мәжбүр болды. Жаппай төбелес бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Оқиға Түрксіб ауданындағы ойын-сауық орындарының бірінде болған. Әйелдер арасындағы сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатып, оған қатысқанның барлығын аудандық полиция басқармасына жеткізді. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушылар алкогольдік масаң күйде болған», – деп хабарлады полиция.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, жанжалға қатысқан әр адамның қаншалықты кінәлі екенін тексеріп жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button